30
сентябрь
2022
ЖАС ҒАЛЫМДАР ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІНДЕ
Бүгін жас ғалымдар, 4-сынып оқушылары, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлiк университеті «Ұстаз»институтының балалар жылы аясында «KIDS UNIVERSITY» жобасы «Балабақша-мектеп-ЖОО>> байланысындағы 1-шi фестиваліне қатысып қайтты. Фестивальдың мақсаты - жас ұрпақтың ғылыми құзыреттер қалыптастыру, ғалымдардың басшылығымен ғылым әлемiне қадам басу, ғылымды кеңiнен насихаттау, қоғамға ғылымның казiргi қоғамдағы орны мен рөлiн, адамдардың қазiргi өмiрiне ғылыми бiлiмдi енгiзудiң өзектiлiгi мен қажеттiлiгiн көрсету, дарынды жастарды ғылымға тарту және балабакша, мектеп, жоғары оқу орындарында жобалық және шығармашылық ойларды тоғыстыру болды. Мұндай іс-шаралар жас жеткіншектердің бойында ғылымға деген қызығушылығын арттыраты сөзсіз.
