11
ноябрь
2021
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті
Jastar_basqarmasy Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Халықаралық Тараз инновациялық институтының ұйымдастыруымен педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ыбырай Алтынсарин: Жалпыұлттық педагогиканың қалыптасу тенденциялары» тақырыбында жас ғалымдар арасында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Конференцияның жұмысына Қырғыстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Түркіменстан мемлекеттерінен, Қазақстанның барлық облыстары мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан білім беру ұйымдарының, республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің педагогикалық қызметкерлері, халықаралық, ұлттық ЖОО-ның, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, студент, магистрант, докторанттар, PhD докторлары және колледж оқытушылары қатысты.
Пленарлық отырыс 2 тақырып бойынша секциялық жұмыстармен жалғасын тапты.
Жалпы конференцияға 300-ден астам жұмыс түсті. Оның ішінде 130-ға жуық жас ғылыми мақаласын қорғады.
Барлық қатысушыға қатысқандығын растайтын сертификат, ал ғылыми мақаласын қорғаған жас ғалымдарға жүлделі орындар тағайындалып, дипломдар берілді.
ҚАЛЫБЕК ЖАНСАЯ ӨМІРБАЙҚЫЗЫ
II ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ
