Аттестаттау туралы
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту,.... жалпы орта, ... білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының орындалуы
"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 қарашадағы№ 632 бұйрығына сай жүзеге асты.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: қағаз жүзінде.
Аттестаттаудан өткізуге құжаттар тізбесі:
1) Стандартқа 1-қосымшаға аттестаттауға өтініш;
2) жеке басын куаландыратын құжат көшірмесі (тұлғаны сәйкестендіру үшін қажет);
3) білімі туралы диплом көшірмесі;
4) біліктілікті арттыру туралы құжат көшірмесі;
5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжатының көшірмесі;
6) бұрын берген біліктілік санаты туралы куәлік көшірмесі (жоғары білім беру ұйымдарынан ауысқан және біліктілік санаттары жоқ педагог қызметкерлерден басқа);
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығынме бекітілген "Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13317 болып тіркелген) кәсіптік жетістіктері туралы мәліметтер (болған жағдайда).
Құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берілді.
Аттестаттаудың міндеттері:
- педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кадрлық құрамының жоғары сапасын қамтамасыз ету;
- ресми қызметіне қатысты мемлекеттік білім беру саясатымен анықталған міндеттерді жүзеге асыру үшін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың жеке-кәсіби дайындығын арттыру;
- қызметтік іс-әрекет шеңберінде педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың үздіксіз білім алуына қолдау көрсету.
Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санатын беру (растау) үшін аттестаттау екі кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең – ұлттық біліктілік тестілеу (бұдан әрі – тестілеу);
2) екінші кезең – қызмет қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау.
Педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар үшін , «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «шебер педагог» біліктілік санаттары беріледі.
2019 жылы тамыз айының 1-15 аралығында аттесттаудан өтуге 50 педагог, оның ішінде зерттеушіге -33, сарапшыға -10, модераторға - 7 өтініш берілді .