20
декабрь
2021
«Ата-ана – ұлттың ұясы» тақырыбында форум өтті
18 желтоқсан 2021 жылы сағат 09:00-16:00 аралығында Тараз қаласында «Ата-ана – ұлттың ұясы» тақырыбында «Баласағұн» мәдениет сарайында оңтүстік аймақтық ата-аналар форумы өтілді. Ұйымдастырушы: «Сенімен Болашақ» Республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігі
Мақсаты – баланың кемел адам болып қалыптасуында ата-ана рөлінің маңыздылығына назар аударту және педагог мәртебесін насихаттау. Ата-аналардың писихологиялық-педагогикалық білімі мен біліктілігін арттырып, бағыт-бағдар беру. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы – ата-ана.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай Тараз қаласы білім бөлімі Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия ата-аналар комитетінің төрағасы Байдосова Назгулді "Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін артыруда қосқан елеулі үлесі үшін, сондай ақ қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны үшін АЛҒЫС ХАТпен" марапаттады. Марапатыңыз құтты болсын Назгүл Маратқызы!




