31
октябрь
2018
Қалалық «Кемелді келешекке-кемеңгер Елбасымен!» форумы
30 қараша 2018 жылы қалалық мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Кемелді келешекке-Кемеңгер Елбасымен!» тақырыбында форум өтті. Форумда әр мектептен «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйым мүшелерінен қабылдауға арнайы бір оқушыдан шақырылды. Сонымен қатар бірқатар мектептер көрме ұйымдастырды. Көрмеде мектеп-гимназиядағы «Жас Ұлан» ұйымының атқарған жұмыстары мен белсенді мүшелерінің суреттері қойылды. Форум соңында 8-9 қазан аралығында өткізілген «Жас Қыран» әскери - спорттық сайысының қорытындысы шығарылып, оқушылар марапатталды. Нәтижесінде Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия «Жас Ұлан» командасы ІІ орынды иеленсе, «Демалыста», «Қаруды жинау және бөлшектеу», «Төзімнен өту» кезеңдерінде команда мүшелері І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталды.
