13
март
2021
"Үздік жас маман-2021" байқауы
Бүгін мектепішілік "Үздік жас маман-2021" байқауы болып өтті. Жас мамандар өздерінің шығармашылық тақырыптарын қорғау, педагогикалық жағдаяттарға жауап беру сияқты сындардан өтті. Байқауға қатысқан 8 жас маманның барлығы да өз ісінің майталманы болуға лайықты екендігін қазылар алқасы атап өтті. Іс-шараның қорытындысы бойынша физика пәні мұғалімі Әділ Әйнел бас жүлдені қанжығасына байлады. 1-орынды ағылшын тілі пәні мұғалімі Сраил Айгерім иеленсе, 2,3- орындарды химия пәні мұғалімі Ибраимова Ақгүл мен драма үйірмесінің жетекшісі Әбдірәлі Айсауле өзара бөлісті. Сайысты мектеп-гимназия директоры Гульфия Сәбитқызы қорытындылап, жас мамандарға шығармашылық табыс тіледі.




