17
октябрь
2020
Мектепішілік олимпиада қорытындысы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектепішілік пән олимпиадасы 2020 жылғы 15-16 қазандағы № 300 бұрық негізінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, физика, информатика, химия, биология, география, жаратылыстану, тарих, құқық пәндері бойынша онлайн режимде қашықтан өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау, олардың интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау, әр пән бойынша үздік оқушыларды анықтап, олардың болашақта білімдерін жетілдіре түсуіне жағдай жасау.
Әр пән бойынша олимпиада 2 турдан өткізілді, олимпиада өткізу үшін жұмыс кестесі жасалып, әр пән бойынша комиссия мүшелері бекітілді. Оқушыларға алдын ала олимпиада ережелері түсіндіріліп, нұсқау жұмыстары жүргізілді.
Олимпиадаға жоғарыда аталған 12 пән бойынша 3 - 11 сыныптардан 321 оқушы қатысты, оның ішінде қазақ тілі пәні бойынша – 61 оқушы, әдебиеттік оқу пәні бойынша -11 оқушы, орыс тілі пәні бойынша – 52 оқушы, ағылшын тілі пәні бойынша – 41 оқушы, математика пәні бойынша – 38 оқушы, физика пәні бойынша – 13 оқушы, информатика пәні бойынша –15 оқушы, химия пәні бойынша– 9 оқушы, биология пәні бойынша – 13 оқушы, география пәні бойынша –14 оқушы, тарих пәні бойынша – 23 оқушы, құқық пәні бойынша – 3 оқушы өз білім деңгейлерін көрсетті.
Мектепішілік кезеңде қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерде екі турдың нәтижесі бойынша, тапсырма сұрақтары оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрбір оқушы орындаған тапсырма жұмыстары толығымен реттеліп, тігілген. Оқу бағдарламасына сай, ауытқушылық жоқ. Жаратылыстану – математикалық бағытындағы пәндерде олимпиадалық тапсырмалар 4 есептен тұрады. Есептердің біреуі күрделірек болды. Турдың ұзақтығы есептердің күрделілігіне байланысты. Пән олимпиадасы белгіленген күні уақытымен басталды, материалдары түгел пәндер бойынша дайындалып мектеп-гимназия директоры бекітті. Оқушылардың дәптерлеріне мөр басылып, дайындалды.Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау, олардың интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау, әр пән бойынша үздік оқушыларды анықтап, олардың болашақта білімдерін жетілдіре түсуіне жағдай жасау.