Біз туралы » Страница 17 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық олимпиада жеңімпаздары
30
октябрь
2021
Республикалық олимпиада жеңімпаздары
          Қазақ тілі пәнінен 9-сыныптар арасында Республикалық олимпиада жеңімпаздары: Мергенбай Әсем, Уалиханқызы Әсел сынды шәкірттеріміз   І орын Грамотасымен марапатталды. Жалпықазақстандық олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталған ұлағатты ұстазымыз Асильбекова Гульфайраз Узенбековнаға ерекше алғысымызды білдіреміз. Білім додасында оза шауып, биік шыңнан көріне беріңіздер! Құттықтаймыз!
Қалалық практикалық семинар
26
октябрь
2021
Қалалық практикалық семинар
      25.10.2021 ж. күні Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында саптық дайындықтың қозғалыс әдістерімен таныстыру тақырыбында қалалық практикалық семинар өтті. Қалалық семинарда педагог-зерттеуші, АӘД және ТД пәнінің мұғалімі Сұлтанов Жұмаділ 10-11 сыныптармен "Қарумен орындалатын саптық тәсілдер және саптық қозғалыстар" тақырыбында, онлайн режимде өз іс-тәжірибесімен бөлісті. 
" FEEDBACK AND ITS types " тақырыбында мастер класс
25
октябрь
2021
" FEEDBACK AND ITS types " тақырыбында мастер класс
2021 жылдың қазан айында " FEEDBACK AND ITS types " тақырыбында мастер класс Республикалық Ғылыми - Әдістемелік  "АНГЛИЙСКИЙ ЯЗЫК В ШКОЛЕ, КОЛЛЕДЖЕ И ВУЗ-е" журналына жарияланды.                          
Республикалық КИО олимпиадасының жеңімпаздары
23
октябрь
2021
Республикалық КИО олимпиадасының жеңімпаздары
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиадасының жеңімпаздарын жүлделі орындарымен құттықтаймыз!  
Дене тәрбиесі пәні бойынша онкүндік өтті.
22
октябрь
2021
Дене тәрбиесі пәні бойынша онкүндік өтті.
Дене шынықтыру пәні бірлестігінің 18-28 қазан аралығында "Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістері мен тәсілдерінің жолдары" тақырыбына онкүндік өтіп жатыр, осыған орай 2 "г" сынып оқушыларымен "Ұлттық ойындар" тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімі Керімбек Рүстем ашық сабақ өтті.
Халықаралық тамыз педагогикалық конференциясы
21
октябрь
2021
Халықаралық тамыз педагогикалық конференциясы
       Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш,көңілге үлкен міндет! Ұстаз есімі әр адам жүрегіне ерекше жылулық пен білімнің нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес. Міне,осындай "Ұлағатты ұстаз" деген ардақты атқа лайықты білім саласында өнегелі үлгілерімен,жаңашылдық жолдарыменен,адамгершілік қасиеттеріменен жол көрсете білген,қаншама шәкірттеріне  сапалы білім,саналы тәрбие беру ісінде қажырлы еңбектерінің нәтижесін көрсетіп жүрген Тараз қаласы, №49 мектеп-гимназияның ұлағатты
Дәріс сабақ
20
октябрь
2021
Дәріс сабақ
Мектеп-гимназия медбикесі Көлбаева Марина  мектеп мұғалімдеріне ҚР-ң Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі №444 бұйрығына сәйкес  коронавирустық инфекцияның  таралу қауіпінің алдын алу бойынша  санитарлық профилактикалық дәріс сабақ өткізді.  
Волейболдан қалалық жарыс
18
октябрь
2021
Волейболдан қалалық жарыс
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған волейболдан мұғалімдер арасындағы  қалалық жарыста  "№49 мектеп-гимназия құрама"  командасы жүлделі 3 орынды иеленді. Команда құрамының ойыншылары Құрманқұлов Жандос,Садуанов Рахат, Момынжанов Алихан, Төлеутаева Назерке, Жайнабеков Нұрлан, Майсупова Назираны жеңістерімен құттықтаймыз!!!  
Тоғызқұмалақтан мұғалімдер арасындағы Республикалық жарыс жүлдегерлері
09
октябрь
2021
Тоғызқұмалақтан мұғалімдер арасындағы Республикалық жарыс жүлдегерлері
Қызылорда қаласында өткен Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған ұлттық спорт ойыны Тоғызқұмалақтан бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында республикалық жарыста жүлделі ІІ орын иеленген  Үкіжанова Айнұрды, ІІІ орын иегері Тельбаева Ұлжан әріптестеріміздің жеңістерімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын!