21
октябрь
2021
Халықаралық тамыз педагогикалық конференциясы
Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш,көңілге үлкен міндет! Ұстаз есімі әр адам жүрегіне ерекше жылулық пен білімнің нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес. Міне,осындай "Ұлағатты ұстаз" деген ардақты атқа лайықты білім саласында өнегелі үлгілерімен,жаңашылдық жолдарыменен,адамгершілік қасиеттеріменен жол көрсете білген,қаншама шәкірттеріне сапалы білім,саналы тәрбие беру ісінде қажырлы еңбектерінің нәтижесін көрсетіп жүрген Тараз қаласы, №49 мектеп-гимназияның ұлағатты ұстаздары: Асильбекова Гульфайраз Узенбековна,Бурбекова Сауле Муратбеккызы, Абдраимова Шолпан Омирбековна, Акылбаева Лазат Кемпирбаевна,Танибекова Айгуль Нуранбаевна, Хусаинова Салтанат Джамантаевна Қазақстан Республикасы "Халықаралық Экология,Инженерия және Педагогика ғылым академиясы" Қоғамдық қоры ұйымдастырылған "Мұғалімнің кәсіби стандарты: білім қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын жаңа талаптар" Халықаралық тамыз педагогикалық конференциясына қатысып, ғылыми еңбектері ұсынылып,жинаққа енгізілініп, Сертификат пен Алғыс хат иегері болды.Сонымен қатар ұлағатты ұстаздарымыз,қазақ даласының ұлы ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық меретойына арналған "Ыбырай төсбелгісін" алуға үміткер болып отыр. Биік белестерден көріне беріңіздер,еңбектеріңізге толағай мол табыстар тілейміз,ұлағатты ұстаздар!










