22
январь
2020
"Жаңартылған білім беру жағдайында мұғалім тәжірибесін жетілдірудің тиімді жолдары" тақырыбында оқыту семинары
22.01.20 ж. күні Педагогтардың шеберлік орталығының тренерлері А.Ш.Джурунова, Д.М. Абуталиева, менеджер-әдіскері Н.М.Тұрысбекова "Жаңартылған білім беру жағдайында мұғалім тәжірибесін жетілдірудің тиімді жолдары" тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинарға мектеп-гимназия мұғалімдері мен серіктес мектеп мұғалімдері қатысты. Семинарда оқыту мен оқу сапасын арттыру құралы ретінде, мұғалімдердің тәжірибесін жетілдірудің тиімді жолдары мен тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан зерттеуді жүзеге асыру тәсілдері ұсынылды. Жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасында өткізген оқыту семинарларында көмек көрсеткен тренерлерге алғыс айтамыз. 








