07
декабрь
2020
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі
2020 жылдың 23 қараша мен 3 желтоқсан аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің онкүндігі өтті. Онкүндікте бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар беріп, үздік тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылармен де жұмыстар жүргізілді. Әр күнге оқушылардың қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында тапсырмалар берілді. Осы тапсырмаларға жауапты мұғалімдер бекітілді. Олар сөзжұмбақ, мақал-мәтелдердің жалғасын табу, «Любимое литературное произведение» тақырыбында сурет салу, жұмбақтар шешуге байланысты тапсырмалар болды. Онкүндікте осы берілген тапсырмаларға белсенді қатысқан оқушылар арасынан жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Онкүндіктің өтілуі «жақсы» деп бағаланды.
