25
ноябрь
2019
Біздің мақтаныштарымыз!
Дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында өткізілген қалалық "Көрнекіліктер аукционы" атты шығармашылық байқауында "Математика-физика күнделікті өмірде" бағыты бойынша 10 сынып оқушысы Жаманбаева Перизат І орынды, 8 сынып оқушысы Жұмат Мөлдір Бас жүлдені иеленді. Жетекшілері Шаханова Зульфия, Сыдықова Айнұр. Құттықтаймыз!!!


