23
август
2022
Информатика және физика бірлестігінің жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы болып өтті.
Тамыздың 22-23 күндері мектеп-гимназияда Информатика және физика бірлестігінің жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы болып өтті. Өткен оқу жылына талдау жасалынып, 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат, оқу бағдарламасы және негізгі ұйымдастыру жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар биылғы оқу жылында құндылыққа бағытталған сапалы білім беру, жаһандық құзіреттілік, функционалдық сауаттылық тағы басқа мәселелер айтылды.
