24
август
2022
"Қазақ тілі мен әдебиеті" пән бірлестігінің әдістемелік отырысы өтті.
Тамыздың 22-23 күндері мектеп-гимназияда әдістемелік бірлестіктердің жаңа оқу жылындағы алғашқы отырысы болып өтті. Өткен оқу жылына талдау жасалынып, 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат, оқу бағдарламасы және негізгі ұйымдастыру жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар биылғы оқу жылында құндылыққа бағытталған сапалы білім беру, жаһандық құзіреттілік, функционалдық сауаттылық тағы басқа мәселелер айтылды.
