"Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі" тақырыбында қалалық шеберлік сынып өтті. » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2022

"Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі" тақырыбында қалалық шеберлік сынып өтті.

     26.04.22ж Ы Алтынсарин атындағы 49 мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ,педагог- зерттеуші Н. Т . Ашированың "Тиімді әдіс-тәсілдер-сапалы сабақ кепілі" тақырыбында қалалық шебер сыныбы өтті.Шеберлік сыныбына қала мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері келіп қатысты. Келген қонақтарды тіркеуден соң,бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізілді. Шеберлік сыныпты мектеп-гимназия директоры Г.С.Джолдасова сөз сөйлеп ашты.Мектеп-гимназия педагог-психологы Ш Демешова қонақтармен психологиялық тренинг өткізіп,шығармашылық шабыт пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
     Н.Т.Аширова 9 "Е" сынып білім алушыларымен әдебиет пәнінен Н.Айтовтың "Бәйтерек" поэмасы "Бәйтерек монументі-Мәңгілік Ел символы "тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабағында "ПОПС формулас","Сәйкестендіру","Мұғалімге хат"әдіс-тәсілдерімен қатар,"Padlet","ZipGrade"тәсілдерін өте тиімді және жүйелі қолдана білді.Білім алушылар өте белсенді,сөз саптаулары мен ой ұшқырлықтарының жоғары екендігін көрсетті. Н.Т.Аширова мен Г. Рахманованың ұйымдастыруымен "Кітап кімге бұйырады? тақырыбында сыныптан тыс интеллектуальдық ойын жалғасын тапты.Ойынға 9- сынып білім алушыларынан  қатысты. Ойын тартысты.әділ өтті.
       Ойын жеңімпазы  9"Ә" сынып білім алушысы Телғара Аяулым мақтау қағазымен ,ал Қамбарбек Б,Бестерек Т, Пернебек Ұ алғысхатпен марапатталды.Шеберлік сынып соңын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ,бірлестік жетекшісі Л .К. Ақылбаева қорытынды сөзбен аяқтап ,мектеп-гимназия директоры Г.С. Джолдасова білім алушыларға тілек сөзін арнап  жеңімпаз білім алушыға А Құнанбаевтың қарасөздер жинағын табыстады .Іс-шараға қатысқан қонақтар өз пікірлерін айтып ,жоғары баға беріп,алдағы еңбек  күндеріне сәттілік тіледі. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив