03
март
2020
"Абайды оқы, тәлім ал" тақырыбында дөңгелек үстел
Ұлы А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай мектеп -гимназияның 10"Ә" сынып оқушыларымен мектеп кітапханасында "Абайды оқы, тәлім ал" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кітапхана меңгерушісі Гүлсара Жұмабекова хакімнің кітаптарымен, шығармаларымен таныстара отырып,қарасөздерінің мәніне үңіліп, түсініктеме жасады. Жаманбаева Перизат, Ибраева Камилла, Сарыбаев Міржақып ақынның қарасөздерін жатқа оқыды. Дөңгелек үстелді өткізу барысында оқушылар ақын шығармашылығынан білім мен тәрбие туралы ой қорытты.
