05
сентябрь
2021
Тіл мерекесі!
Бүгін қазақ тіл білімінің атасы А.Байтұрсынұлының туған күні. Сонымен қатар, 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күні. Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн - "Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы - тіл" деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Тіл мерекесін «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта құрымайды, жоғалмайды» деп, халықтың санасын тіл тазалығын сақтауға үндеген Ұлт ұстазының туған күніне сәйкес орайластыру – тәуелді санадан құтылғандығымыздың жарқын бір көрінісі, елдігіміздің бір айғағы. Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!
https://www.facebook.com/100041436278938/videos/1011897206212059/
https://www.facebook.com/100041436278938/videos/1011897206212059/