28
январь
2020
"Мен OFFLINE" республикалық кең ауқымды балалар акциясы
Халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLINE" республикалық кең ауқымды балалар акциясы аясында мектеп -гимназияда 24 - 28 қаңтар аралығында 2-4 сынып оқушылары "Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім?" тақырыбында суреттер байқауын, 7 сыныптарда "Интернеттің пайдасы мен зияны" тақырыбында плакаттар байқаулары ұйымдастырылып, қорытындысы шығарылып, оқушылар марапатталды. 4- 11 сыныптарда "Интернетсіз өткен бір күнім" тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, 5-6 сыныптарда эссе жазылды.