13
декабрь
2019
"Жас қыран" ұйымының қатарына қабылдау салтанаты өткізілді
Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Жас Ұлан» бүкіл Қазақстанға таралып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, оқудың және тәртіптің үлгісін көрсетуге, Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуға, еліміз үшін қызмет етуге, патриот болуға бәріңізді баулитын болсын!» - деп атап көрсетті. Тұңғыш президентіміздің осындай сөзінен туындайтын міндетті бүгін сезіне отырып, Тәуелсіз ел аясында өсіп, білім алып жүрген жас достарымызды «Жас қыран» ұйымының қатарына қабылдау салтанаты өткізілді. Жас қыран ұйымына 171 оқушы қабылданды.