29
ноябрь
2019
Тұңғыш президент күні!
Қазақстанда алғаш рет - Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айырықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс-шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне тағы да осы мерекені мектеп-гимназияда "Елбасы-елдің тірегі" тақырыбында атап өттік. Мерекелік іс-шараға Тараз Педагогикалық Университеті, Тарих ғылымдарының кандидаты,доцент, Жүсіп Баласағұн атындағы "Түркістан өлкесін тарихын зерттеу" орталығының жетекшісі Жүрсінбаев Бақытжан Апсаматұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінің "Қазақстан тарихы" кафедрасының оқытушысы, тарих магистрі Тобаджанов Рахат Тобаджанұлы, мектеп-гимназия ардагер ұстаздарының төрағасы Ахметова Гүлсім Ұзаққызы қонаққа келді. Іс-шара үш бөлімнен тұрды.
1) Н.Ә.Назарбаев-саясаткер;
2) Н.Ә.Назарбаевтың халық болашағы туралы орамды ойлары;
3)Н.Ә.Назарбаев халық өнерін қолдаушы.
Іс-шара барысында Нұрсұлтан есімді оқушыларымыздың орамды ойлары айтылып, домбырадан күміс күй төгіліп, Тұңғыш Президенттің сүйіп тындайтын әндері орындалды. Кеш соңында қонақтар мереке туралы айтып, жылы лебіздерін білдірді.