04
апрель
2023
«Балалардың жол қауіпсіздігі» атты акция өтті.
«Балалардың жол қауіпсіздігі» атты акция барысында Тараз қаласы ПБ ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанттары Құрманов А.Н, Сейдахметов Б. М. №49 мектеп –гимназия 1-4 сынып оқушыларына сабақтан тыс уақытта жол жүру ережесі бойынша дәріс өткізді. Бұл акция аясында оқушылар жол жүру ережелерін біліп қана қоймай, көшеде өз қауіпсіздігін қамтамазсыз етуді де үйренеді. Негізгі мақсат –балаларға жол ережелерін таныстырып, жол- көлік оқиғаларының алдын алу. Сондай- ақ көлік жүргізушілерін сақ болуға шақыру.