Дәстүрлі ағаш отырғызу акциясы өткізілді » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Тал – бейбітшілік нышаны, табиғаттың нәзіктілігі және оны қорғау қажеттілігін еске түсіретін белгі.
22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Қайырымдылық акциясы барысында ата-аналар, "Өзін-өзі басқару", "Жас Ұлан" ұйымы мүшелері дәстүрлі ағаш отырғызу акциясы өткізілді.
Акцияның басты мақсаты - оқушыларға жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекке баулуға, туған жерді қастерлеуді үйрету, мектеп ауласын көркейту-көгалдандыру.
Барша жұртты жұмылдыратын тал егу жұмысы арқылы оқушылар табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыластарын оятып, бар күш-жігерлерімен 35 түп алма ағашын отырғызып, игі іс жасады.