1 қазан қарттар күні мерекесі » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
октябрь
2022

1 қазан қарттар күні мерекесі

        Қазіргі таңда біздің салт-санамызға жат нәрселер етек алып келеді. Солардың бірі қарттар үйінің көбеюі. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп үлкендерді сыйлап, құрметтеген халықпыз. Қазіргі кезде немерелеріне ертегі айтар әжелер мен балаларына өсиет айтар аталарымыз жоқтың қасы.Оның бірден-бір себебі, осындай қарттар үйінің көптеп етек жаюында.  Отыз мыңдай адам амалсыздан осы интернат-үйлерді паналайды екен. Бүгін ғана  №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығына барып қайттық.   «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты оқушылардың үлкенге құрмет көрсетуге баулуға негізделді. Көңілдері жарым қариялардың мекеніне жай бармай "Жас Ұлан" ұйымы мүшелері 1 қазан қарттар күні мерекесіне арналған "Қарттарын қадірлеген ел ардақты"  тақырыпта  шағын концерттік бағдарлама қойып, кішкене сый-сияпат көрсетіп қайттық. Аталмыш шараны мектебіміздің аға тәлімгері Б. Жалмаханова мен музыка пәні мұғалімі А. Қанарбек пен бірлесе ұйымдастырдық.
        Тағдыры қиын қарияларымыздың көңілін көтеруге жас жеткіншіктердің барлығы өз үлесін қосуға тырысты. Әуезді әуендердің басын Квартет "Қызыл раушан", дуэт "Әсем ән"әнімен және Сатан Фариза "Мен қазақтың қызымын" әнін орындады. Сонымен қатар Шәмші әндерінен поппури орындалды,  4 "Е" сынып оқушылары ата-апаларына деген арнау өлеңдерін оқыды.  Өткізген шарамызға қарттарымыз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып, батасын берді. Оқушылар да ерекше әсермен қайтып, көп дүниені түйсінді. Балалардың алған әсерімен бөліскенде байқағанымыз, мұндай істер ерекше мейірімділікке, сыйластыққа үйретеді екен. 

Похожие публикации:

05 октябрь 2021 Қарттар күні
05 октябрь 2019 Ұстаздар мерекесі
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив