Ақпарат » Страница 25 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» атты жаппай диктант жазу акциясы
08
ноябрь
2019
«Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» атты жаппай диктант
     Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының хатына сәйкес 2019 жылдың 8 қараша күні латын қарпінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Жаңа қазақ әліпбиі – рухани жаңғырудың бастауы» атты жаппай диктант жазу акциясына 3 мектеп әкімшілігі мен 12 мұғалім, 295 оқушы қатысты.
Домбыра үйірмесі
16
октябрь
2019
Домбыра үйірмесі
Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл - сәл кем бұра. Нағыз қазақ - қазақ емес, Нағыз қазақ - домбыра,- деп атамыз қазақ айтқандай мектеп-гимназияда бірнеше жылдың көлемінде "Бозінген" домбыра үйірмесі жұмыс атқарып келеді. Үйірмеге 1 сыныптағы тарыдай болып келген бүлдіршіндерімізден өмірдің жаңа белесіне көтерілгелі отырған жоғары сынып оқушыларына дейін қатысады. Оқушылардың аты әлемге әйгілі Құрманғазы,Тәттімбет, Дина, Дәулеткерейдің күйлерін орындағанын көргенде өнерлеріне тәнті боласың.
"Отбасым-менің қуатым" тақырыбындағы ашық сынып сағаттары
12
сентябрь
2019
"Отбасым-менің қуатым" тақырыбындағы ашық сынып сағаттары
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны дей отырып, мектеп-гимназияда "Отбасы - бақыт мекені" атты апталықта бірталай іс-шаралар тізбегі өткізілді. Соның бірі - "Отбасым-менің қуатым" тақырыбындағы ашық сынып сағаттары.
Сынып сағаттары өткізілді!
12
сентябрь
2019
Сынып сағаттары өткізілді!
Қазақстан сияқты көп ұлтты өкілдер тұратын Мемлекеттегі тілдік ахуалды және еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін түсіндіру, насихаттау мақсатында сынып сағаттары өткізілді.
Ашық диктант жазу
10
сентябрь
2019
Ашық диктант жазу
Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында мектеп-гимназияда 2019 жылдың 10 қыркүйегінде жалпы Қазақстандық ашық диктант өткізілді. Диктант жазуға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер,оқушылар, кіші қызметкерлер қатысты. Бұл іс-шара жаңа қазақ әліпбиімен сауатты жазуға үйрету мақсатында ұйымдастырылды.
Адалдық сағаты
03
сентябрь
2019
Адалдық сағаты
«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары мен «Саналы ұрпақ» жобасы аясында мектеп –гимназияның            1-11 сыныптары аралығында «Адалдық сағаты » өткізілді. «Адалдық сағатының» мақсаты өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық құндылықтарын, рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық мінез құлыққа тәрбиелеу болып табылады. Әденов Максут Аширалиевич «Адалдық сағатының» құрметті қонағы болды. Аталмыш іс –шарадан оқушылардың алары көп болды.
1-қыркүйек білім күні!
03
сентябрь
2019
1-қыркүйек білім күні!
Сағынып күткен жаңа оқу жылы да келіп жетті. Білім күні бірінші сынып табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер үшін қуанышқа толы болды."1 қыркүйек - Білім күні" мерекесіне орай "Саналы ұрпақ - жарқын болашақ" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.  Жаңа оқу жылы баршаңызға жемісті әрі жеңісті болсын!!! 
Мектепалды даярлық курсы
14
август
2019
Мектепалды даярлық курсы
№49 мектеп-гимназиясында 2019-2020 оқу жылында 1-сыныпқа қабылданатын балаларға арналған "Балақайлар" мектепалды даярлық курстары өз жұмысын жүргізуде.