22
май
2021
“Табысқа төрт қадам” кешенді даму бағдарламасының орындалуы туралы ЕСЕП

“Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы” КММ
2020-2025 жылдарға арналған “Табысқа төрт қадам” кешенді даму бағдарламасының орындалуы туралы ЕСЕП
2020-2025 жж. арналған стратегиялық жоспардың бөлімдері
1. Мектептің инфроқұрылымы
2. Педагогтардың сапалық құрамы
3. Үздіктер мектебі
4.Қосымша білім беру
5. Орта білім беру мазмұнын жаңарту
6. Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
7. Табысқа бағытталған жобаларды жүзеге асыру
Аталған жоспарды іске асыру барысында тәлімгер №51 орта мектеп директоры, Бахыт Жұмабекқызының көмегі көп болды. Тәлімгердің жоспарына сәйкес жүйелі түрде әдіс-алмасу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде оқу жылы барысында әр бөлім бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.
1.Мектептің инфроқұрылымы.
Мектеп-гимназияда 832 отбасынан 76 сыныпта 1907 оқушы білім алуда. 76 сыныптың 47-і гимназия сыныбы. Мектепте 42 оқу кабинеті, 120 орынды асхана, 150 орынды мәжіліс залы бар. Екі (химия, физика) модификациялық кабинеті, бір робототехника кабинеті бар. Ғимарат ішінде 50 әжетхана бар ( ұлдарға арналған -21, қыздарға-24, қызметкерлерге – 4, мүгедектерге-1). Бейнебақылау қондырғысы 16 (ғимарат сыртында - 7, ішкі бөлігінде – 9).
Қараша айында үнемделген қаражат есебінен жоғарғы блоктағы әжетханаларға 21 есік орнатылды. Демеушілер есебінен спорт залдарына күшейтілген 6 жарық (прожектор) орнатылды. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған авто тұрақ жасалды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №156 қаулысының 15 тармағына сәйкес оқу – тәрбие процесінде туындайтын жанжалды жағдайды, құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған «Медиация» орталығы ашылды. Пән бірлестіктерінің жұмысын көрсететін 10 қабырға стендтері жаңартылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығының 12 қосымшасына сәйкес орта білім беру ұйымдарына арналған білім алушының жеке іс-қағаздары жаңартылды. «Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезінде білім беру ұйымдарында оқу прцесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығына сәйкес 42 оқу кабинеттерінде аяқ сүртетін төсеніштер, оқушылар мен ұстаздардың өмір қауіпсіздігіне байланысты дене қызуын өлшейтін 6 термометр, 14 кварц және 7 санитарлық постта 14 антисептиктер қойылды.
2.Педагогтардың сапалық құрамы.
Ұжымда 162 педагог қызмет атқарады. Сапалық құрамы 75,1%-ды құрайды.
Биылғы жылы 17 педагог аттестациядан өтті. 17 мұғалім білімін жетілдіру курстарынан өтті. Ұжымда 12 магистрант қызмет атқарады.
3. Үздіктер мектебі
Білім сапасы өткен оқу жылында 74% болған, биылғы жылы 75% болады деп отырмыз. ІІІ-ші тоқсанды 70%-бен аяқтаған болатынбыз. 62 оқушы мектепті бітіреді, оның 2-і Алтын белгіге, 3-Үздік аттестатқа үміткер.
Бүгінгі күні ҰБТ-ға дайындық жұмысы жүргізілуде. Орташа балл 91,4 балды көрсетіп тұр (жыл басында 74,5 балл болған).
Қалалық ғылыми жоба жарысында 8 (ІІ орын-5 , ІІІ орын-3) оқушы жүлделі орын иеленді. Облыстық жарыста 4 оқушы жүлделі ІІІ орын иеленді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен қалалық олимпиада 9 (І орын-1, ІІ орын-3, ІІІ орын – 5) жүлделі орын иеленді. Облыстық кезеңінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 11-сынып оқушысы Жаппарсадық Назерке І орынды, республикалық кезеңде ІІ-орынды иеленді.
Төкен Омаров атындағы республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысында 11-сынып оқушысы Темірбай Ахметжан ІІІ- орын иеленді. Зерде республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінде 3-сынып оқушысы І орын, 4-сынып ІІ орын иеленді. 10-сынып оқушысы Жарылқасын Назерке 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған "Елбасы медалі" бағдарламасының «Қола медаль" иегері атанды. 5-6 сынып оқушылары арасында өткізілген қалалық олимпиада 4 оқушы жүлделі ІІ-орынды иеленді. Наурыз айында 4-8 сыныптардың 256 үздік оқушылары арасында негізгі пәндерден олимпиада өткізіліп, үздіктің үздігі анықталды. Сабақтан тыс уақытында 851 оқушы онлайн форматта өткен халықаралық және республикалық олимпиадаларға қатысып жүлделі орындарды иеленді.
4.Қосымша білім беру
Мектепішілік және мектептен тыс үйірмелерге қатысатын оқушылар көрсеткіші 94%-ды құрайды. Оқу жылы барысында үйірмелер барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жұмыс жүргізді. Нәтижесінде түрлі кәсіби және спорттық байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Барлық ісшаралар әлеуметтік желіде инстаграм, фейсбук парақшаларында орналастырылып, ата-аналар мен ұстаздардың назарына дер кезінде жеткізіліп отырды.
Халықаралық «Адал Ұрпақ - Мәңгілік ел болашағы» байқауында "Вокал" номинациясы бойынша көрсеткен өнері үшін Сәкен Мейірім І дәрежелі диплом иегері атанды. XIII Халықаралық ән-би байқауының «Вокал» жанры бойынша Сатан Фариза ІІ орын жеңімпазы атанды. XI республикалық "жасstar" балалар мен жасөспірімдер арасындағы ән, би және өнер байқауында "Вокал" номинациясы бойынша Абдрахманов Нұрсұлтан Бас жүлде иеленіп, Нұр-Сұлтан қаласында өтілетін телевизиялық байқауға тегін жолдама алды.
Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай волейболдан "Шұбар доп" ұлттық мектеп лигасында 5-6 сынып оқушы қыздар арасында өткен республикалық турнирден І орынды иеленген "Тараз" командасының құрамында 5-сынып оқушылары Ақберген Сабина, Мелдибек Жанельдер болды.
Волейболдан Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Жамбыл облысының командасы жүлделі 2-орынды иеленді, команда құрамында мектеп-гимназия оқушылары Болат Шоқжан, Әбдіқадір Бекзат, Темірәлі Ильяс, Болысбек Есболат, Нұрмахамбетов Ғалымжандар болды.
7-8 сынып қыздары арасында өткізілген облыстық ұлттық мектеп лигасының гандбол жарысында "№49 мектеп-гимназия" командасы қалалық байқауда І- орынды иеленді
5.Орта білім беру мазмұнын жаңарту
Оқу жылы барысында мектеп-гимназияның озық-тәжірибелері таратылып,
облыс көлемінде 2 семинар, қала көлемінде 5 семинар берді.
6.Рухани жаңғыру: ұлттық құндылықтарды қалыптастыру
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығы қарсаңында Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатары озат және белсенді оқушылармен толықтырылды. Бүгінгі күні «Жас Ұлан» ұйымы қатырындағы оқушылар үлесі 66% құрайды.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мектеп/студенттік парламент» білім алушылардың өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы негізінде 2021 жылдың 26 сәуір күні мектепішілік Президент сайлауы өткізілді. Қорытындысы шығарылып 9 - сынып оқушысы Сәрсебек Қайсар «Мектеп президенті» болып тағайындалды.
"Ұрпақтар диалогы" жобасы аясында Ауған соғысы, Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен құрметті азаматтарының қатысуымен ерлік сабақтары өткізілді.
"Адал ұрпақ" ұйымының белсенді мүшелерімен бірге Жамбыл облысы бойынша іс-қимыл агенттігінің бас маманы Айбек Ажибаевпен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Өмірбеков Дархан “Тәуелсіздік-рухани қоғам әлемі” атты қалалық пікірсайыс турнирі “Ең үздік спикері”, Ш.Есенов атындағы республикалық пікірсайыс турнирінің І орын жеңімпазы атанса, Қуандық Шапағат
“Тәуелсіздік-рухани қоғам әлемі” атты қалалық пікірсайыс турнирі “Үздік спикер” атанды.
7.Табысқа бағытталған жобаларды жүзеге асыру
Әлеуметтік жобалар аясында мектеп-гимназия әкімшілігінің бастауымен, ұстаздардың қолдауымен жүргізілген «Мектепті жасыл желекке бөлейміз!» акциясы барысында 60 дана гүл отырғызатын құмыра алынып, гүлдер отырғызылды.
"Мекенім - жасыл елім" акциясын қолдау мақсатында мектеп әкімшілігі мәңгі жасыл бозаршаны мектеп ауласына отырғызды. 9,11 сынып түлектері мектеп ауласына 24 түп «Бозарша» отырғызды. 11- сынып оқушылары "Бұл менің ағашым" акциясы аясында мектеп ауласына жеміс ағаштарын отырғызды. Бастауыш сынып ата-аналарының демеушілігімен мектеп алдына гүлдер отырғызылды.
«22-наурыз- Ұлыстың ұлы кұні»- мерекесіне орай «Наурыз мейірімі» жалпы ұлттық қамқорлық акциясы аясында аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына көмек берілді.
Есепті дайындаған Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия директоры Жолдасова Гульфия Сабитқызы