Оқушыларға » Страница 22 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
Біздің мақтаныштарымыз!
30
сентябрь
2019
Біздің мақтаныштарымыз!
     Тараз арена спорт кешенінде облысымызда тұңғыш рет қолға алынып жатқан  "Birinshi jastar Oiyndary"  әлеуметтік жобасы аясында әскери - спорттық ойындар жарысы ұйымдастырылып өткізілді. Аудандар мен облыс орталығының үздік ұжымдары қатысқан додада мектеп -гимназия шәкірттері жүлделі III орынды иеленді.Жеңіс құтты болсын!  
Біздің мақтаныштарымыз
30
апрель
2019
Біздің мақтаныштарымыз
    Робототехникадан облыстық чемпионатында "Робо - сумо қадам" (жоғары топ) категориясы бойынша Темирхан Бахтияр, Жолдыбаев Азат, "Сызық бойымен жарыс" (кіші топ) категориясы бойынша Меделхан Тимур, Еркебұланұлы Жасұлан Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Р.Тұрмаханбетованың және ҚазРоботикс Президенті А.Жекееваның ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшісі Информатика пәні мұғалімі Сұлтанғалиев Алмас Сұлтанғалиұлы.
Біздің мақтаныштарымыз
24
апрель
2019
Біздің мақтаныштарымыз
Облыстық "Менің бастауым-менің ауылыма" атты әлеуметтік жобалар байқауында 7-сынып оқушысы Тұрарбек Альбина ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Бақытжанова Әсел
Біздің мақтаныштарымыз
23
апрель
2019
Біздің мақтаныштарымыз
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті ұйымдастырған оқушылар арасындағы информатика пәнінен олимпиадада Түгелбай Дастан ІІ орын, Тұрсынбай Еркебулан ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: Султанғалиев Алмас Султанғалиұлы
Біздің мақтаныштарымыз
22
апрель
2019
Біздің мақтаныштарымыз
"Замандас" драма үйірмесінің жас актерлері қалалық "Театрдың ғажайып әлемі" атты фестиваль - байқауына қатысып, жүлделі 3 орын иеленді. Жетекшісі Гүлсім Ахметова
Біздің мақтаныштарымыз
22
апрель
2019
Біздің мақтаныштарымыз
"Шығармашыл жастар-біздің болашағымыз" атты облыстық бейнелеу өнері байқауында Ошан Анель "Бас жүлде" және білім грантын жеңіп алды. Жетекшісі Хусаинова Салтанат алғыс хатпен марапатталды.
Біздің мақтаныштарымыз
21
апрель
2019
Біздің мақтаныштарымыз
"Шәкірт жеңісі - ұстаз жемісі"-демекші, биылғы жастар жылына арналған "Өнер алды-қызыл тіл" ll облыстық байқауында: Нарымбетова Жанерке - l орын, Дүйсен Зарина, Рызабек Лиза, Әбдікерім Ләззат - ll орын, Алиханова Айгерім, Үсіп Саида, Бекбол Дариға, Тұрсынбаева Аяжан - lll орындарды иеленіп, грант жеңілдіктерін ұтып алды және дарынды оқушыларды дайындағаны үшін Асильбекова Гульфайраз Узенбековна алғыс хатпен марапатталды! Алар жемістеріңіз көп болсын! Тек қана, алға!
Біздің мақтаныштарымыз
21
апрель
2019
Біздің мақтаныштарымыз
Облыстық пікірсайыс турнирінде екі бірдей командамыз жүлделі орындарды иеленді.  Өмірбеков Дархан, Фазылова Алуа (2-орын), Телғараев Абылай, Қуандық Шапағат (3-орын) Жетекшісі: Эркинбекова Шолпан Құттықтаймыз!