16
октябрь
2019
Домбыра үйірмесі
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - сәл кем бұра.
Нағыз қазақ - қазақ емес,
Нағыз қазақ - домбыра,- деп атамыз қазақ айтқандай мектеп-гимназияда бірнеше жылдың көлемінде "Бозінген" домбыра үйірмесі жұмыс атқарып келеді. Үйірмеге 1 сыныптағы тарыдай болып келген бүлдіршіндерімізден өмірдің жаңа белесіне көтерілгелі отырған жоғары сынып оқушыларына дейін қатысады. Оқушылардың аты әлемге әйгілі Құрманғазы,Тәттімбет, Дина, Дәулеткерейдің күйлерін орындағанын көргенде өнерлеріне тәнті боласың. Үйірме жетекшісі С.Қаспақовтың табанды талабы мен шеберлігінің нәтижесі іс-шараларда көрініс тауып отыр.