8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
Ы. Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік кеште мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, әсерлі көріністер ұсынып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Шара барысында мектебіміздің директоры Гульфия Сабитқызы ұстаздарды мерекемен құттықтап, олардың білім мен тәрбие жолындағы еңбектерін жоғары бағалап, бірқатар ұстаздарды Құрмет грамоталарымен марапаттады.