Ұздаздар мерекесі құтты болсын!
Ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт СӘТТІ ӨТТІ! 3 қазан – Ұстаздар күніне орай мектебімізде өткен мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жүрекке жылы әсер қалдырды. Бұл ерекше кеште оқушыларымыз ұстаздарына деген ыстық ықыластарын әнмен, бимен, жыр-тілектерімен жеткізді. Ұстаздарымыздың жүзіндегі қуаныш пен ризашылық – ең үлкен марапатымыз! Барша ұйымдастырушыларға, қатысушыларға және көрермендерге алғысымыз шексіз! Ұстаз – ұлы тұлға. Қадіріңізге бас иеміз!