Оқушыларға » Страница 8 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жалын" әскери-патриоттық байқауында жүлделі І орынды иеленді.
21
апрель
2023
"Жалын" әскери-патриоттық байқауында жүлделі І орынды иеленді.
     Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасынан Ұлы Жеңістің 78 жылдығы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 31 жылдығына арналған қалалық "Жалын" әскери-патриоттық байқауында жүлделі І орынды иеленді. Жетекшілері Сұлтанов Жұмаділ, Қаражигитов Қайрат. Жетістіктеріңіз құтты болсын! Сонымен қатар үздік киім үлгісі үшін Алғыс хат иеленді.
V қалалық "Жүректегі әуен!" балалар хор ұжымы байқауы
21
апрель
2023
V қалалық "Жүректегі әуен!" балалар хор ұжымы байқауы
      V қалалық "Жүректегі әуен!" балалар хор ұжымы байқауына қатысып "Бас жүлде" иеленген оқушыларымызды және әріптесіміз Айнур Үкіжанованы жүлделі орындарымен құттықтаймыз.
"Наурыз-көктем" қалалық сурет байқауы
26
март
2023
"Наурыз-көктем" қалалық сурет байқауы
"Наурыз-көктем" қалалық сурет байқауында фотоколлаж жасап, жүлделі 1 орынды иеленген 3 "Ж" сынып оқушысы Пансадбек Аэлита және жетекшісі Ордабаева Динара әріптесімізді құттықтаймыз!
"Музей сабақтары"  жобасы
16
март
2023
"Музей сабақтары" жобасы
Тарих пәні мұғалімі Танибекова Айгул "Музей сабақтары"  жобасы аясында 8 "Д" және  9 "Д" сынып оқушыларын Д. Қонаев атындағы облықстық балалар кітапханасына саяхатқа алып барды, ол жердегі кітап қорларымен, тарихымен таныстып келді.
Ұлттық ойын-ұлт игілігі
14
март
2023
Ұлттық ойын-ұлт игілігі
      Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ға¬сырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа
"Мұқағали оқулары" байқауының жеңімпазы
07
март
2023
"Мұқағали оқулары" байқауының жеңімпазы
   Саф алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай қалдыра білген Хан Тәңірінің мұзбалағы, ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған қалалық көлемде өткізілген "Мұқағали оқулары" байқауында 10-сынып білім алушысы Байгөбек Дінислам 2-орынды иеленді. Жетекшісі Асильбекова Гульфайруз Узенбековнаны, жүлделі орындарыңызбен құттықтаймыз! Шәкірттеріңіз әрдайым жеңіс пен жеміске жеткізе берсін, Гульфайруз Узенбековна! 
Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқуларының қалалық кезеңінің жеңімпазы
28
февраль
2023
Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқуларының қалалық кезеңінің жеңімпазы
      Мәшһүр Жүсіп Көпеев оқуларының қалалық кезеңі өтті. "Білімді зерек адам болам!" десең   "Қара өзіңді басқаның айнасымен!" Ұлы баба шығармаларындағы ойларды кеңейтіп, ұлттық әдебиет мазмұнымен байланыстырып эссе жазу байқауына қатысып, Уалихан Еңілік жүлделі ІІ орынды иеленді.  Жетекшісі:  Л. Ақылбаеваны жетістіктерімен құттықтаймыз!
"ART BAITEREK" байқауының жеімпазын құттықтаймыз!
27
февраль
2023
"ART BAITEREK" байқауының жеімпазын құттықтаймыз!
  "Атадан-мұра" қоғамдық қорының  бүлдіршіндер,  мектеп оқушылары  мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған "ART BAITEREK" байқауында  вокал номинациясы бойынша Еркінбек Диляра жүлделі І орын, Ерғаллы Адия ІІІ орынды иеленгені үшін және жетекшілік етіп дайындағаны үшін жетекшісі Үкіжанова Айнурды жетістіктерімен құттықтаймыз!
"Ақбота" зияткерлік олимпиадасының жүлдегерлері
21
февраль
2023
"Ақбота" зияткерлік олимпиадасының жүлдегерлері
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы "Ақбота" зияткерлік олимпиадасының жүлдегерлері. 1"ж"сынып білім алушылары: Әзімбек І., Оразымбетов Д., Сәбиділла Е., Келген А., Болтаева А., Ашимхан С. Сынып жетекшісі: Сапаева Ж.Ж.
"Ақбота" зияткерлік олимпиядасы және "Ұлы дала баласы" атты ұлттық білім сайыстарының жеңімпаздары.
20
февраль
2023
"Ақбота" зияткерлік олимпиядасы және "Ұлы дала баласы" атты ұлттық
      "Ақбота" зияткерлік олимпиядасы және "Ұлы дала баласы" атты ұлттық білім сайыстарының жеңімпаздары. 4"ж" сынып білім алушылары: Сейілбек Айша,Тажибаева Аяна, Қапланбек Ерасыл,Саухынбек Назым,Рамазанова Айару, Данияр Әли. иЖеңістерің еселене түссін!     Сынып жетекшісі: Нукусбекова А.Е.