Оқушыларға » Страница 16 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
Біздің жетістіктеріміз
28
май
2021
Біздің жетістіктеріміз
Облыс әкімінің халықаралық, республикалық пән олимпиадалары мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздарымен кездесуінде мектеп-гимназия мақтаныштары Жапбарсадық Назерке және Темірбай Ахметжан дипломдармен марапатталып, 100 000 теңгелік сертификатқа ие болды. Марапаттарыңыз құтты болсын!
«Тарих ата» олимпиадасының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
28
май
2021
«Тарих ата» олимпиадасының жүлдегерлерін құттықтаймыз!
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылдан бастап оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, олардың өз бетімен жұмыс жасау дағдылары мен алған білімін қолдану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында республикалық қашықтық «Тарих ата» олимпиадасында 9 - сынып оқушылары Төремахан Альбина, Сража Аяулым, Султанова Анель І турынан І орын иеленіп, қорытынды кезеңінде III дәрежелі дипломмен
ҰБТ - 2021
15
апрель
2021
ҰБТ - 2021
ҰБТ-2021: Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді 🔵Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ҰБТ 15 сәуірде басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Тестілеу алғаш рет электрондық форматта өтеді. 🔵Мемлекеттік білім грантын ұтып алуға ниеттенген үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Мәселен, егер талапкер сәуір айында тестілеуден өткен болса, оның ҰБТ-ны екінші рет бірнеше күннен кейін немесе мамыр не маусым айларында тапсыру мүмкіндігі болады.
Волейболдан Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпаздарын құттықтаймыз!
14
апрель
2021
Волейболдан Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының
Волейболдан Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Жамбыл облысының командасын жүлделі 2 орнымен , команда құрамындағы мектеп -гимназия оқушылары Болат Шоқжан, Әбдіқадір Бекзат, Темірәлі Ильяс, Болысбек Есболат, Нұрмахамбетов Ғалымжанды жеңістерімен құттықтаймыз! Жетекшісі Құрманқұлов Жандос
"Елбасы медалі" жобасы
18
март
2021
"Елбасы медалі" жобасы
14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған "Елбасы медалі" бағдарламасына қатысып, "Қола медаль" иеленген 10-сынып оқушысы Жарылқасын Назеркені шын жүректен құттықтаймыз! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының "Мен сіздерге-жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер" деген сөзі дәл осындай жалынды жастарға арналғандығының айқын көрінісі. Алар асуың көп, шығар биігің таудай болсын!
"Ғасырлық ғұмыр тағылымы" атты қалалық "Жамбыл оқулары"  байқауы
04
март
2021
"Ғасырлық ғұмыр тағылымы" атты қалалық "Жамбыл оқулары" байқауы
"Ғасырлық ғұмыр тағылымы" атты қалалық "Жамбыл оқулары" байқауының "Баба рухымен сырласу" номинациясы бойынша бас жүлде иегері Тоғайбек Меруертті және жетекшісі Асильбекова Гульфайраз Узенбековнаны құттықтаймыз! Шығар биіктеріңіз аласармасын!
"Білімді ұрпақ-ел болашағы" атты республикалық олимпиадасының жүлдегерін құттықтаймыз!
01
март
2021
"Білімді ұрпақ-ел болашағы" атты республикалық олимпиадасының
"Білім-Өркениеті" Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен  олимпиада "Білімді ұрпақ - ел болашағы" атты республикалық олимпиадада І дәрежелі диплом, "Жас дарын" куәлігі және төсбелгісімен марапатталған 8 "А" сынып оқушысы Омар Азизаны және жетекшісі Шардарбекова Қанат Диясқызын құттықтаймыз! Сонымен қатар Азизаның еңбегі "Білім-Өркениеті" Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының жинағына енгізілді. Алар асуларыңыз көп болсын. Қаламың ұштала берсін!
Қалалық Жамбыл оқуларының жеңімпазын құттықтаймыз!
01
март
2021
Қалалық Жамбыл оқуларының жеңімпазын құттықтаймыз!
Жамбыл-ғасырлық ғұмырымызда арыны басылмаған алып жыршы.Жүрегі жүз жыл жырлап өткен ақынның мұрасы кейінгі ұрпаққа жеткізілініп,бүгінгі жасампаз ұрпақ шығармаларымен сусындап,өзіндік мол үлестерін қосуда.Соның бірі,жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жылдығына орай,"Жамбыл оқулары"қалалық көлемде өткізілген байқауда,9-сынып оқушысы Тоғайбек Меруерт "Бас жүлде"дипломының иегері болды.Алар асуларыңыз көп болсын!
Қалалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазын құттықтаймыз!
01
март
2021
Қалалық пікірсайыс турнирінің жеңімпазын құттықтаймыз!
Қалалық пікірсайыс турнирінде оқ бойы оза шауып "Ең үздік спикер" атанған 11-сынып оқушысы Өмірбеков Дарханды құттықтаймыз!!! Жетістігіміз көп болсын!