«Алтын сақа» олимпиадасы
«Алтын сақа» олимпиадасының ІІ кезеңі Білім бөлімінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 18 қарашасында математика пәніне бейімі бар балаларды анықтап, оқушыларды олимпиада практикасына бейімдеу мақсатында «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық кезеңі өткізілді. Іс шараға қала мектептерінің 5-6 сынып білім алушылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 45 білім алушы І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломмен және «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің арнайы сертификатымен марапатталды.