Оқушылар жетістіктері » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық «Менің шағын Отаным» атты интеллектуалдық конкурсы
03
ноябрь
2025
Республикалық «Менің шағын Отаным» атты интеллектуалдық конкурсы
ЖЕҢІС СӘТІ – МАҚТАНЫШ ДАРЫНЫ!  Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия ұжымы республикалық «Менің шағын Отаным» атты интеллектуалдық конкурстың I дәрежелі диплом иегері, 10-сынып оқушысы Тайбағар Дарынды салтанатты түрде күтіп алды. Дарынды күтіп алу рәсіміне мектеп директоры Г. Джолдасова, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысты. Мектеп директоры Г. Джолдасова шәкірттің жетістігін ерекше атап өтіп, оқушыға алғыс білдіріп, білім мен табандылықтың нәтижесі екенін атап өтті. Бұл жеңіс —
Облыстық Маралтай оқулары байқауы
31
октябрь
2025
Облыстық Маралтай оқулары байқауы
Құттықтаймыз! Облыстық Маралтай оқулары байқауында 2-орын иеленген 10 «Ә» сынып оқушысы Ақберген Райымбек пен жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исаева Айгүл Қожахметқызын шын жүректен құттықтаймыз!  Әдебиетке деген сүйіспеншілігі мен талантының арқасында биіктен көрінген Райымбектің бұл жетістігі – ұстазының ерен еңбегі мен үздік тәлімінің жемісі. Сіздерге шығармашылық шабыт, толағай табыс, жаңа белестер мен жеңісті күндер тілейміз! Республикалық кезеңде сәттілік тілейміз!
"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" қалалық пікірсайыс
20
октябрь
2025
"Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" қалалық пікірсайыс
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" Коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған "Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ" атты пікірсайыс турнирінде, Республика күніне орай өткен зияткерлік додада «Ыбырай ұрпақтары» клубының мүшелері жоғары нәтиже көрсетті!  Шайырқұл Ельназ – 1-орын�  Мақаш Аягөз – 2-орын Жас пікірсайысшыларымыз дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Осы жетістіктерге жетуде бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсеткен
"Алтын түлек - 2025" мектепшілік олимпиадасы
17
октябрь
2025
"Алтын түлек - 2025" мектепшілік олимпиадасы
"Алтын түлек – 2025" мектепішілік олимпиадасы сәтті өтті! Бүгін мектебімізде дәстүрлі "Алтын түлек" олимпиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Бұл жарыс — түлектеріміздің білім деңгейін шыңдап, алған білімдерін сарапқа салуға мүмкіндік берген маңызды сәттердің бірі болды.  Олимпиада барысында оқушылар түрлі пәндер бойынша бақтарын сынап, өзара тәжірибе алмасты.  Қатысушылардың білімге деген құштарлығы мен жауапкершілігі бізді ерекше қуантты!  Жеңімпаздар мен белсенді
"Менің шағын Отаным" атты қалалық байқау
17
октябрь
2025
"Менің шағын Отаным" атты қалалық байқау
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉 "Менің шағын Отаным" атты қалалық байқауында 📚 10-сынып оқушысы: Тайбағар Дарын Сәрсенбайұлы "Ертеңгі менің өлкем: Болашақ жобасы" номинациясы бойынша I орынды иеленді! 🏆 Бұл жетістік – Дарынның туған жеріне деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілікпен атқарған еңбегінің нәтижесі. Дарынды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Қалалық "Ақберен" байқауы
09
октябрь
2025
Қалалық "Ақберен" байқауы
    Құттықтаймыз!  Қалалық “Ақберен” байқауында ұлттық аспапта өнер көрсету номинациясы бойынша 9 “E” сынып оқушысы Мұраталы Ералы жүлделі II орынды иеленді! Көне күй мен ұлттық мұраның үнін ұлықтап, өнерімен көпшілікті тәнті еткен Ералыға алғысымыз шексіз!  Жетістігің құтты болсын! Алда бұдан да биік белестерді бағындыра бер! Пән мұғалімі: Сейдахмет Мади
ЮНИОР ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН 2 ОРЫН
11
сентябрь
2025
ЮНИОР ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН 2 ОРЫН
    2025 ЖЫЛДЫҢ 4-7 ҚЫРКҮЙЕК КҮНДЕРІ АРАЛЫҒЫНДА ҚЫТАЙ ЕЛІНІҢ ШАОГУАНЬ ҚАЛАСЫНДА КАРАТЭДЕН (WKF) КАДЕТ, ЮНИОР ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ. АУҚЫМДЫ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАҒА АЗИЯНЫҢ 30 ЕЛІНЕН 500-ге ЖУЫҚ СПОРТШЫ ӨЗ БАҚТАРЫН СЫНАДЫ. АТАЛМЫШ ДОДАҒА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ САПЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТКЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ №49 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ОҚУШЫСЫ НҰРСЕЙІТ АЛМАТ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕДЕ ӨНЕР КӨРСЕТІП КАДЕТТЕР АРАСЫНДА -57 КГ. САЛМАҚ ДӘРЕЖЕСІНДЕ 2 ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Әлеуметтік желі - заман талабы"  атты облыстық пікірсайыс турнирі
09
апрель
2025
"Әлеуметтік желі - заман талабы" атты облыстық пікірсайыс турнирі
9 "Г" сынып білім алушысы Қасымбек Балауса жүлделі 2 орын иеленгені үшін марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Бояулар құпиясы-қыс" тақырыбында өткен конкурсы
14
март
2025
"Бояулар құпиясы-қыс" тақырыбында өткен конкурсы
"Білім айнасы" Республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған жас суретшілерге арналған "Бояулар құпиясы-қыс " тақырыбында өткен конкурсында Ибрагим Аяулым жүлделі 1 орын иеленгені үшін марапатталды. Жетекшісі: Д.Ордабаева
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 18 Вперед