Career Forum-2024: ДҰРЫС МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫ ҮЙРЕТТІ
Шерхан институтында мектеп президенттері мен кәсіби бағдар беруші мамандарға арналған форум өтті.
Career Forumға мектеп-гимназияның өзін-өзі басқару ұйымының Мектеп Президенті Бақыт Іңкәр қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты – болашақта дұрыс мамандық таңдаудың қыр-сырын үйрету, жол көрсету. Форумда арнайы мамандар тренинг, мастер-класстар өткізіп, экслюзивті кейстермен бөлісті.