10
февраль
2024
«Үздік ұланбасы-2024!» атты байқауы өткізілді.
Балалар мен жасөспірімдер арасында интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін, көшбасшылық біліктіліктерін, отансүйгіштік сезімдерін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 9 күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-лицейінде Тараз қаласының білім бөлімі және оқушылар сарайының ұйымдастыруымен бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшыларының арасында «Үздік ұланбасы-2024!» атты байқауы өткізілді.
Байқауға 24 ұланбасы қатысты.
Байқауда ұланбасылар мына кезеңдер бойынша жұмыстарын көрсетті:
І. «Тұсаукесер-визитка» таныстыру
ІІ. «Менің жетістігім – Отанымның жетістігі» қатысушылар ұйымда жүзеге асыруға тиіс санайтындай өз идеялары мен жобалары
ІІІ. «Өнерлі жастар» (шығармашылық өнер, ән айту, би билеу, аспапта ойнау, мәнерлеп оқу және т.б)
ІV. «Ұланбасының бір күні» бейнеролик
Қазылар алқасының шешімімен 3 орынды №49 мектеп-гимназия оқушысы Молдашева Аида
иеленсе, қалған қатысушы ұланбасыларға белсене қатысқаны үшін дипломдары табысталды. Өте қызықты әрі тартысты байқау болды.
