Балаларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында мектепте 100%бейне бақылау, дабыл түймесі жүйелерімен қамтамасыз етілген. Мектебіміз жедел басқару орталығына қосылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1 қыркүйектен бастап 1-4 сыныптың 820 оқушысы бір реттік тегін ыстық тамақпен, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және ата-ана қамқорлығынсыз қалған отбасынан шыққан 86 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.
Қалалық білім бөлімінің қаржыландыруымен биылғы оқу жылында жоғары сынып оқушыларына арналған 5 сынып жиынтығы, асханаға 15дана стол, 1 тоңазытқыш, 10 дана дала шамы және 50 дана мектеп дәліздеріне светодиодты шамдар берілді.
Педагогтардың біліктілігі білім сапасына тікелей байланысты болғандықтан, олардың кәсіби өсуі де маңызды. 2023 жылы 76 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Ағымдағы жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша пәндік олимипада, ғылыми жоба, түрлі кәсіби байқаулардың жеңімпаздары қала көлемінде-61 оқушы,облыс көлемінде-16 оқушы, республика көлемінде -155 оқушы, қала көлемінде жүлделі орынды иеленген -6 педагог, облыстық байқаулардан – 2 педагог, халықаралық, республикалық байқауларда 3 педагог жеңімпаз атанды.
2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша Республикалық, халықаралық байқаулардың нәтижесінде мектеп-гимназия оқушылары 4 жүлделі орынға ие болды. Облыстық байқаулардан 50-ден астам жүлделі орындар иеленді.
Мектеп –гимназияда «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде ұлттық құндылықтарға негізделген іс –шаралар тізбегі, 15 жоба іске асырылуда.
Медиация кабинетінде «Ата –аналарды педагогикалық қолдау» бұрышы ұйымдастырылып, ай сайын ата –аналарға сабақтар өткізілуде.
Кәмелетке толмағандар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған «Komek Stop Bullying» ақпараттық жүйесі, HR+ психологиялық-педагогикалық мониторингтің автоматтандырылған жүйесі оқушыларға қолжетімді жерлерде орналастырылған,психология ғылымдарының кандидаты Г.Вероцкаяның «Бестерек» жобасы арқылы психологтар жұмыс атқаруда.
«Ұлттық мектеп лигасы» қыздар арасында волейбол спорт түрінен қалалық кезеңде І орын, облыстық кезеңде І орынмен марапатталды. Алда келе жатқан 2024 жыл шәкірттеріміз бен ұстаздарымыз үшін толағай табысты жыл болсын!
