19
октябрь
2023
Төлеген Айбергеновтың мәнерлеп оқу байқауының жеңімпазы
Қалалық Төлеген Айбергеновтың мәнерлеп оқу байқауында "Арнау өлеңдер" номинациясы бойынша 8"Г"сынып білім алушысы Пашыралиева Асима 2-орын иеленді.
Сағындым, жаным, мен сені!
Көркіңді жүрген қуаныш қылып,
Мендей ме екен бар ағаң...
Шын інім болсаң, бас ұрма, жаным,
Өсек-ғайбатқа бораған, - деп Төлеген ақын жырлағанда, тұла бойымдағы алапат сезім буырқанып, теңіздей толқып, таулардай асқақтап кетеді. Неге? Себебі өлеңін «сағындым жаным, мен сені!» деп бастап, жан сырын ақтарылып жырлай бастағаннан-ақ ақынның кіршіксіз пәк жүрегіндегі сағынышын бірден сезесің. Ол өмірге сағынышпен келіп, өмірден сағыныштан өткен. Себебі ол – сағыныштан жаралған ақын.
