21
ноябрь
2022
ОБЛЫСТЫҢ 3 ПЕДАГОГЫ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2022» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік педагог – 2022» республикалық байқауы өз мәресіне жетті.
Үздік педагогтарды ҚР Оқу-ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлы «Үздік педагог-2022» төсбелгілерімен марапаттады. Сонымен қатар, педагогтарға 3 млн теңгеден (1 000 АЕК) сыйақы берілді.
2022 жылғы «Үздік педагог» атағына 5,5 мың педагогтің арасынан іріктеліп алынған 123 мұғалім үміткер болды. Конкурс қорытындысы бойынша 64 педагог жеңімпаз атанды.
Жамбыл облысының үздік атанған ұстаздары:
Давлетбаев Нұрлан Жексенбекұлы – Мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының математика пәні мұғалімі, педагог-шебер;
Муратбаев Айбек Серікұлы - Тараз қаласы Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші;
Қарымсақова Жадыра Джумабековна - Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы, педагог-зерттеуші;
Үздіктер қатарынан табылып, облысымыздың атағын асқақтатқан Даулетбаев Нұрлан Жексенбекұлын, Мұратбаев Айбек Серікұлын және Қарымсақова Жадыра Джумабековнаны жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!


