09
июнь
2022
Жазғы демалыс
Құрметті ата-аналар балалардың жазғы демалысы қалай өтіп жатыр?
Біз ата-ана болған соң бізге демалыс каникул деген жоқ, себебі біз ата-анамыз балалардың денсаулығына, өміріне жауапты тұлғамыз.
Балалардың демалысын тиімді әрі қызықты қылып өткізу әр ата-ананың өз қолында.
Балаларға көңіл бөліп сырласып, ашыла алмай жүрген қыр сырларын ашуға көмектесетін кез келді ,ендеше балалармен сырласып,табиғат аясында серуендеп, ата-әжесінің үйіне қыдырып барып кәуап пісіріп, болмаса бірге кітапханаға барып әдеби кітаптар тандауға баламен бірге оқып баланың қызығушылығын арттырып балаларыңызбен көңілді де қызықты демалыс өткізулеріңізге тілектеспін!
Балаларды қараусыз қалдырмай қадағалап отырайық, өздеріңіз телеарнадан,интернет жүйесінен біліп көріп ,естіп отқандай жазғы демалыста көптеген балалар қараусыз қалған салдарынан суға яғни шомылуға кетіп ажал қауышып жатқан жайт көп болуда.
Балалар біздің болашағымыз, еліміздің ертеңгі ұрпағы, біздің қуанышымыз, сол себептен бүкіл жұмысты ысырып балаларға көңіл бөліп қызықты демалыс өткізейік.
Баларымыздың болашағы жарқынды да кемелді болсын!