Біз туралы » Страница 22 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
Карантин кезінде білім беру ұйымына («кезекші сынып») баратын балалардың ата-аналарына ЖАДНАМА
01
сентябрь
2020
Карантин кезінде білім беру ұйымына («кезекші сынып») баратын
Құрметті ата-аналар, егер карантин кезінде сіздің балаңыз мектепке баруын қажет деп санасаңыз, келесі нұсқаулықты есте ұстаңыз: 1.Балаларды мынандай жағдайда мектепке әкелу ұсынылмайды: -COVID-19 расталғандармен байланыста болған жағдайда; -Қиын тыныс алу (респираторлық) аурулар пайда болғанда. 2.Балаларды білім беру ұйымына қабылдауға, учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтама болған жағдайда ғана, жол беріледі. 3. Мектеп формасы міндетті емес. Ең бастысы, киім таза, классикалық
МИФ бірлестігінің онкүндігі
02
март
2020
МИФ бірлестігінің онкүндігі
2020 жылдың 2 наурыз күні МИФ бірлестігінің "Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақ үдерісінде қолдану арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту" тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты болды. Онкүндік барысында 16 ашық сабақ, 5 сыныптан тыс жұмыстар және математика пәні бойынша қалалық семинар жоспарланды. 
Қалалық "Шебер ұстаз" шығармашылық байқауы
29
февраль
2020
Қалалық "Шебер ұстаз" шығармашылық байқауы
     Қалалық "Шебер ұстаз" шығармашылық байқауында "Ұлттық колориті бар макеттер" номинациясы бойынша көркем еңбек пәнінің мұғалімі Қадыров Ерасыл Машанович ІІІ орынды иеленсе, "Жарамсыз материалдардан жасалған бұйым" номинациясы бойынша көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жунисова Ақмарал Сериковна ІІ орын алды. Құттықтаймыз!!!  
"Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны" тақырыбында қалалық семинар
26
февраль
2020
"Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны" тақырыбында
     26 - ақпан күні бастауыш сынып бірлестігінде "Жаңартылған бағдарлама - білім берудің жаңа мазмұны" тақырыбында қалалық семинар - практикум өтілді. Семинарда ашық сабақтар, тренинг және сыныптан тыс жұмыстар көрсетілді. Ұстаздар сабақтарында жаңартылған білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, көрсете білді. Семинарға келген қонақтар ризашылығын білдірді.  
Қалалық "Бояулар құпиясы" атты жас суретшілер байқауы
24
февраль
2020
Қалалық "Бояулар құпиясы" атты жас суретшілер байқауы
     Қалалық "Бояулар құпиясы" атты жас суретшілер байқауына қатысып бас жүлде иегері атанған, сонымен қатар облыстық байқауға жұмысы жіберілген Абдухамит Мединаны құттықтаймыз. Жетекшісі Жунисова А.
"Серіктес мектептермен тәжірибе алмасу барысында мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру" тақырыбында оқу семинары
24
февраль
2020
"Серіктес мектептермен тәжірибе алмасу барысында мұғалімдердің кәсіби
     "Серіктес мектептермен тәжірибе алмасу барысында мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру" тақырыбында оқу семинары өтті. Семинарға мектеп мұғалімдерімен бірге №25,47 серіктес мектеп мұғалімдері қатысты. Серіктес мектеп мұғалімдерімен бірлесе отырып,оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы оқу мақсатына жетудегі тиімді жолдарды анықтау үшін коучинг, ықшам сабақтар өткізілді.Қорытынды жасалып,әріптестер кері байланыстарын ортаға салды. 
"Үздік педагог - 2020" байқауы
20
февраль
2020
"Үздік педагог - 2020" байқауы
     20.02.2020 ж. күні "Үздік педагог - 2020" байқауы болды. Байқау 4 кезеңнен тұрды. І кезең - мұғалім портфолиосы, ІІ кезең - "Кәсіби шеберлік" кезеңінде мұғалім өзінің негізгі ұстанымдары мен жұмысындағы басым бағыттары жайлы айтты, ІІІ кезеңде "Ықшам сабақтары" қорғалды. Барлығы байқауға 18 мұғалім қатысуды бастап, қорытынды кезеңіне 7 мұғалім іріктелді. Ақтық сайыста 4 кезеңнің қорытындысы бойынша "Бас жүлдені" тарих пәнінің мұғалімі Сыздықбаева Алия жеңіп алды.