Біз туралы » Страница 14 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жаңартылған бағдарлама-жаңа білім берудің басты мазмұны" атты онкүндік өтті
10
март
2022
"Жаңартылған бағдарлама-жаңа білім берудің басты мазмұны" атты
       Бастауыш буындағы 2-сыныптарда қазақ тілі пәні бойынша "Жаңартылған бағдарлама-жаңа білім берудің басты мазмұны" атты онкүндік өтті. Сол онкүндікте 2 "Ж  "- сыныпта қазақ тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақта оқушылар пәнге тереңдей қызыға түсіп, жан-жақты ұғына білді. Мұғалімі: Мәлімбетова Д.
"Сөз мерген" интеллектуалдық сайыс өтілді.
05
март
2022
"Сөз мерген" интеллектуалдық сайыс өтілді.
       Ы.Алтынсарин атындағы 49 мектеп-гимназиянын "Қазақ тілі мен әдебиет"  бірлестігінің  апталығына орай ұйымдастырылған 6-сынып білім алушыларының арасында "Сөз мерген" интеллектуалдық сайыс өтілді.  Білімгерлердің танымдық қабілеттерін дамытып, ой өрістерін кеңейту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар,тыйым сөздер, көнерген сөздердің мағынасын табу.Қатысқан білімгерлер өз білімдерін шындап додаға түсті. Жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды. Бас жүлде 6"Г"  Мұратбек Іңкәр. I орын.
Қалалық "Алтын сақа" олимпиадасының жеңімпазы
04
март
2022
Қалалық "Алтын сақа" олимпиадасының жеңімпазы
        Математика пәні бойынша 3-4 сыныптар арасында өткізілген "Алтын сақа" олимпиадасының қалалық кезеңінде ІІІ орынды иеленген 3 "В" сынып оқушысы Мырзахмет Асылмұратты жетекшісі Құрманқұлова Рахиманы жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
Республикалық олимпиада жеңімпазын құттықтаймыз!
04
март
2022
Республикалық олимпиада жеңімпазын құттықтаймыз!
      Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық олимпиадасының ІV кезеңінде Қазақстан тарихы пәні бойынша қатысқан 6 сынып оқушысы Алпысбай Айша мадақтамамен марапатталды. Жетекшісі: Бақытжанова Әсел.
Бастауыш сынып апталығының ашылуы болып өтті
02
март
2022
Бастауыш сынып апталығының ашылуы болып өтті
Бастауыш сынып апталығының ашылуы болып өтті.  Ашылу салтанатына барлық бастауыш сынып оқушылары қатысып, өнерлерін көрсетті. Оқушылар оқу-білім туралы жаттаған өлең жолдарын айтып, апталықты бірінші болып ашты. Мектеп-гимназия директоры Гульфия Сәбитқызы сөз алып, оқушыларды құттықтады.
"Көнеден жеткен сырлы әуен" атты тақырыпта ән байқауы
23
февраль
2022
"Көнеден жеткен сырлы әуен" атты тақырыпта ән байқауы
   Р. Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай  Оқушылар сарайында қалалық "Көнеден жеткен сырлы әуен" атты тақырыпта ән байқауы ұйымдастырылды, Байқауға қатысқандар жүлделі орындармен марапатталып, нәтижесінде 9 "Е" сынып оқушысы  Сатан Фариза 3 орын,  4 "Г" сынып оқушысы Қайсарқызы Сабина  2 орынды иеленді.  Жетекшісі: музыка пәні мұғалімі Үкіжанова А.
V республикалық шығармашылық және өнер байқауы
21
февраль
2022
V республикалық шығармашылық және өнер байқауы
М. Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған "Ақын халықтың жүрегінде" атты V республикалық шығармашылық және өнер байқауына қатысып вокал жанры бойынша І орынды иеленген Ерғали Адия, Сатан Фаризаны және жетекшісі музыка пәні мұғалімі А. Үкіжанованы жеңістерімен құттықтаймыз!
"Экологиялық мәдениет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
09
февраль
2022
"Экологиялық мәдениет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Экологиялық білім беру жобасы бойынша 8 "В" сынып білім алушыларымен  "Экологиялық мәдениет" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  Жетекшісі:  география пәні мұғалімі Г. Нарымбетова, Э.Сагындықова