12
апрель
2018
Мұражай
Мектеп тарихынан


Мектеп – гимназияның тарихы
Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназия 1991 жылы қазан айында ашылған. Мектептің ашылу салтанаты қазақтың тұңғыш педагогы Ы.Алтынсариннің 150 жылдық мерейтойымен сәйкес келуіне орай ұлы ағартушының есімі беріліп, Халық депутаттарының Жамбыл қалалық советі атқару комитетінің 1991 жылғы 28 кыркүйектегі №1269 шешімімен бекітілді.



Ардагер ұстаздарымызға мың тағзым

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға
"Күншуақ" шағын орталығының ашылу салтанаты
2006 жылы Ы.Алтынсарин атындағы №49 орта мектепке мектеп- гимназия статусы берілді (Тараз қаласы әкімдігінің 2006 жылдың 31тамыздағы №898 қаулысы). 2010 жылы мектеп-гимназия жанынан 100 балаға арналған «Күншуақ» шағын орталығы ашылды.

Болашақтың есігі кеңінен ашылсын...

Балабақша -өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші орын
Мектебімізге 25 жыл!
Мектеп бір ғимаратта орналасқан, негізгі ғимарат 1991 жылы салынған, жобалық қуаты 1200 оқушыға арналған. Мектеп 3 қабатты, 2 бөліктен тұрады. Мектептің 2 спорт залы, 1 би залы, 120 орындық асханасы және 150 адамға арналған мәжіліс залы бар.
2016-2017 оқу жылында мектеп-гимназияда 67 сынып-комплектісінде 1814 оқушы білім алуда. Ұстаздар саны – 174, оның 48% -ы жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдер. Мектеп-гимназия оқушыларының білім сапасы –51%. 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша мектеп-гимназия қала көлемінде «Чемпиондар мектебі» номинациясын жеңіп алса, 2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша қаладағы 60 білім беру мекемелерінің рейтинг көрсеткішінде үздік 5 мектептің қатарына енді.

Мектеп мақтаныштары
25 жыл ішінде мектеп-гимназияны 1886 оқушы бітірді, оның 48-і «алтын медаль», 31-і «Алтын белгі» төс белгісі, 6-ы үздік аттестаттарға аяқтады. Мектеп бітірушілер ҰБТ-ға 100 пайыз қатысады, орта баллы – 87,0 мен 90 балл аралығында. 2015 жылы 2 оқушы «Алтын белгі» төс белгісін иеленсе, 2016 жылы бір оқушы «Алтын белгі» төс белгісін иеленді, бір оқушы үздік аттестат алды.
Мектеп - кеме, білім - теңіз...

