Іс-шаралар » Страница 8 » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әлемде адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина жүргізілуде.
03
апрель
2024
Әлемде адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина жүргізілуде.
03.04.2024ж күні АПВ-ға қарсы вакцинациялаудың маңыздылығы жөнінде 10-11 жастағы қыздардың ата-аналарына ақпарат беру мақсатында, №4 Almaz Medical Group емханасының білікті мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
"Армысың, Әз - Наурыз" атты тәрбие сағаты өтті
22
март
2024
"Армысың, Әз - Наурыз" атты тәрбие сағаты өтті
     Ұлттық мүддемізді, салт-сана  халқымыздың  дәстүрін құрметтеу, Наурыз мерекесінің қазақ  даласындағы орны ерекше екендігін ұғындыру мақсатында 4 'Г' сыныбында "Армысың, Әз - Наурыз" атты тәрбие сағаты өткізілді. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы Наурыз мерекесі туған жерге  құт-берекесін, бақыты мен  байлығын, молшылығын берер жыл болсын деген тілектеміз! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!      Сынып жетекші: Нукусбекова А.Е.                       
Наурыз мерекесіне орай 5 мөлтек тұрғындарына концерт қойылды
21
март
2024
Наурыз мерекесіне орай 5 мөлтек тұрғындарына концерт қойылды
    Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай 5 мөлтек ауданы тұрғындарына мектеп-гимназия ұстаздары мен оқушылары  өнер көрсетіп, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  Концерт соңында тұрғындарға жайылғанақ дастархандағы наурыз көжеден дәм татты. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған шараның мақсаты - халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау. шара соңында мерекелік кешке ат салысқан мектептер Алғыс хатпен марапатталды.  
"22 наурыз ұлыстың ұлы күні"- тақырыбы  аясында ашық тәрбие сағатымыз өтті.
19
март
2024
"22 наурыз ұлыстың ұлы күні"- тақырыбы аясында ашық тәрбие сағатымыз
       5 А сыныбында "22 наурыз ұлыстың ұлы күні" - тақырыбы  аясында ашық тәрбие сағатымыз өтті. Оқушыларға ұлтымыздың  жаңа жылы Наурыз мерекесі жайында мағлұмат беріліп, салт-дәстүрімізге байланысты түрлі тапсырма аясында оқушылар ойларымен бөлісті.                      
«Бауырсақ Party» науқаны
18
март
2024
«Бауырсақ Party» науқаны
– Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында мектебімізде Наурыз мейрамы «Бауырсақ Party» науқанымен жалғасын табуда.    7-сыныптар өткізілген бұл дәстүр қазақтың ұлттық тағамын дәріптеу, ұмыт болған бауырсақ түрлерімен таныстыру мақсатында болды. Шара соңында оқушыларға бауырсақ таратылып берілді.  Тақырыбы: "Шуақ шашып көңілге, әз Наурыз келді өңірге".                       
14 наурыз – Көрісу күні.
14
март
2024
14 наурыз – Көрісу күні.
       Бүгін, 14 наурыз – Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Әсіресе құдайы көршіге алдыңғы ретте кіріп шыққан жөн. Ендеше, береке мен бірліктің мейрамы Көрісу күні құтты болсын! Бір жастарыңызбен!  
Колледж мамандарымен "Мамандық таңдау-маңызды қадам" тақырыбында пікірталас өтті.
14
март
2024
Колледж мамандарымен "Мамандық таңдау-маңызды қадам" тақырыбында
      Бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау – бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп қабырғасында он бір жыл бойы білім алып, «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққаннан» кейінгі мәселе – болашақ мамандықты таңдау. Бұл жасөспірім өмірінің маңызды кезеңі. Себебі таңдаған мамандығы өмірінің бір бөлшегімен біте қайнасып жатады. Осыған орай 9-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрлігінің әскери колледж мамандары "Мамандық таңдау – маңызды қадам" тақырыбында пікір алмасып,
"Мамандық таңдау – маңызды қадам"
14
март
2024
"Мамандық таңдау – маңызды қадам"
       Бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау – бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп қабырғасында он бір жыл бойы білім алып, «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққаннан» кейінгі мәселе – болашақ мамандықты таңдау. Бұл жасөспірім өмірінің маңызды кезеңі. Себебі таңдаған мамандығы өмірінің бір бөлшегімен біте қайнасып жатады. Осыған орай 9-сынып оқушыларына Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрлігінің әскери колледж мамандары "Мамандық таңдау – маңызды қадам" тақырыбында пікір
«Ұлы бала - таланттары» ән-би, жыр-күй балалар мен жасөспірімдер өнер байқауы
13
март
2024
«Ұлы бала - таланттары» ән-би, жыр-күй балалар мен жасөспірімдер өнер
    "Ғұмырдария" балалар мен  жасөспірімдер  шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен XVI Республикалық  «Ұлы бала - таланттары» ән-би, жыр-күй балалар мен жасөспірімдер өнер байқауына 8 "А" сынып оқушысы  Несіпбек Мейре й қызымыз қатысып “Бас жүлде” иеленді. Құттықтаймыз!