25
октябрь
2021
"Аяулы алтын күзге саяхат" тақырыбына сурет көрмесі
Әр мезгілдің өзіне тән қасиеті бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп те үлгереді. Осы төрт мезгілдің ішінде ең кереметі күз болар.
Күз... Сарғайған жапырақтардың тал басында желге шыдас бермей жерге түскен сәті, көз алдыңда бүкіл әлем қоңырқай түске боялып, бейне бір салып қойған сурет секілді күйге енеді. Осы күздің керемет күндері 7 -сыныптар "Аяулы алтын күзге саяхат" тақырыбына сурет көрмесін ұйымдастырып, өз туындыларын көрмеге ұсынды.