Тәуелсіз ел болғанымызға да 30 жыл » "Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ы,Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-34-89
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-34-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
октябрь
2021

Тәуелсіз ел болғанымызға да 30 жыл

Әр  халықтың  болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай бағыт сілтейтін ұлы тұлғалары болады. Сондай тұлғалардың бірі – қазақ халқының данасы, дара ұстазы Ы. Алтынсарин. Қазақстанның рухани құндылығы сөз болса, ұстаз бейнесі көз алдымызға келеді. Себебі, «Кел, балалар, оқылық!», - деп сауат ашқан ұрпақпыз. Ыбырай Алтынсарин бір жағынан ақын болса, екінші жағынан халық ағарту майданында қызмет еткен. Тұңғыш педагог, қазақ балаларына білім сыйлаушы, болашақтың  кілтін ұстатқан ұлы ағартушының туылғанына 180 жыл толып отыр. 
        Осы мерейтоймен қатар, алғашқы ұстаз атындағы алтын ұя мектебімізге 30 жыл. Тәуелсіз ел болғанымызға да 30 жыл. Осындай айтулы мерекелермен қатар келген Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай  ұстаз есімімен аталатын білім ордасында қалалық «Ыбырай оқулары» байқауы өтілді. Озық ойлы педагог Ы.Алтынсариннің шығармаларының қазіргі таңда жас ұрпақтар жадында сақталуын көздейтін мұндай байқау ұлы ұстазға деген шексіз құрмет белгісі. Бұл байқаудың мақсаты – мектеп оқушылары арасында Ы.Алтынсариннің шығармаларын насихаттай отырып, дарынды балаларды анықтау және дәріптеу.
       Бүкіл ғұмырын ағарту саласына арнаған тұңғыш кемеңгер, ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин есімі бәріміз үшін үлкен құрмет. Ыбырайдай асыл бабаның таза, кәусар бұлағынан нәрленіп, рухани әлдене білейік!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив