22
октябрь
2021
"Сәулет ескерткіштерінің туризмді дамытудағы маңызы" тақырыбында саяхат
Қазақстанның дамуында, оның рухани нығаюында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру үлкен маңызға ие. Бағдарламаның «Қазақстанның киелі жерлері» бағытында «мәдени-географиялық белдеу» туралы, осы белдеудің рөлі мен оған енетін орындар туралы жат идеологиялардың әсерінен қорғаныс ретінде, ұлттық мақтаныш ретінде әрбір қазақстандық білуі үшін оқу-ағарту дайындығын жүргізу қажеттігі туралы айтылған. Мұндай оқу-ағарту жұмысында өлкетану мұражайларының орны ерекше. Осы орайда мектеп -гимназияның 6г сынып оқушылары тарих пәнінің мұғалімі А. Сыздықбаевамен "Сәулет ескерткіштерінің туризмді дамытудағы маңызы" тақырыбында "Қарахан баба","Дәуітбек баба" ескерткіштеріне саяхат ұйымдастырып, құнды деректер жинады.




