04
декабрь
2019
Бастауыш сынып бірлестігінің онкүндік ашылу салтанаты өтілді.
Білімнің сара жолы мектептен басталады, ал білімнің алғаш есігін ашатын кілті – бастауыш екенін барлығымыз білеміз. Ең алғаш әріп танып, оқуға,санауға, есептеуге үйреніп, білімге деген құмарлығымызды бастауыштан бастаймыз. Бүгін, №49 мектеп-гимназиясында 04-13 желтоқсан аралығында өтетін «Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны» тақырыбында бастауыш сынып бірлестігінің онкүндік ашылу салтанаты өтілді. Іс-шарада апталықтың жоспары таныстырылды. Оқушыларды қызықтыру мақсатында ойындар ойнатылып, оқушылар белсене қатысты. Апталық пайдалы,қызықты өтеді деген ойдамыз.Сәттілік басатуыш сынып бірлестігі!


