02
сентябрь
2019
Шеберлік сынып
"Әкелер бізде қонақта" онкүндігі өз жалғасын табуда. "Ұлттық өнер-өміршең қазына" тақырыбында 5 "Е" сыныбында Саматұлы Рамазанның, Сайлаубек Іңкәрдің әкелерінің қатысуымен шеберлік сыныбы өткізілді. Шеберлік сыныбында әкелер балалармен бірге ұлттық қолөнерге қатысты қамшы өрудің түрлерімен қазақтың ертұрманы, ат әбзелдерін таныстырды. Шеберлік сыныбы ұлттық тәрбие құндылықтарын бала бойына сіңіруде жағымды әсері барын нақтылай түсті.







