10
сентябрь
2019
"Мәңгілік Ел- Мәңгілік Тіл" тақырыбында әдеби-музыкалық кеш!
Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Үш тілдік саясатты дамыту, тілге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдері күні мерекесіне орай "Мәңгілік Ел- Мәңгілік Тіл" тақырыбында әдеби-музыкалық кеш болып өтті. Кеш барысында тіл мерекесінің 5 қыркүйекке ауысуы қазақ әліпбиінің негізін салған ғалым А.Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты екені көрсетілді. Ұлт ұстазының тіл туралы айтқан нақыл сөздері оқылды. Сонымен қатар, оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілінде өлеңдер оқып, ән шырқады.




