18
ноябрь
2024
"Балалар кітапханасы" жобасы
"Балалар кітапханасы" жобасы аясында "Кітап оқимыз" мақсатында 4 "Б" сынып оқушылары Ермұхан Еділ, Талипов Ансар оқыған кітаптарын насихаттады. Кітап- ақылдың көзі. Кітап бар білімнің, бар ғылымның бастауы. Кітап- барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдар да дүние жүзінде аз емес. Кітап- адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Адамзат баласын қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі- білім қазынасы. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл- ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы.
Сынып жетекшісі: Арпабек Меруерт
